ЖУРНАЛИСТИКА — ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ

253

Бүгін «Ақиқат» ұлтық қоғамдық-саяси журналының редакциясында белгілі журналист, қатардағы журналистен «Егемен Қазақстан,» газетінің бас редакторлығына дейін қызмет еткен Жанболат Аупбаев ағамыз қонақта болды. Ағамен кездесуге «Ақ желкен» журналы, «Ұлан» газеті, Қазақ радиосы, «Ана тілі» газетінің журналистері қатысып, кәсіби шеберлік жөнінде қызықты дәріс тыңдады.
Жанболат аға қалай бесаспап маман болу, журналиске керек қасиеттер, тілді байыту, тың тақырып пен қызық факті іздеудің әдіс-тәсілдері, әлеуметтік желі мен кәсіби журналистика жөнінде ағынан жарылып әңгімеледі. Ағамыздың айтуынша, «қазір әлеуметтік желіде мәдениет жетіспейді, сауатсыздық басым, жауапкершілік жоқ». Бірақ мұның бәрі уақытша, әрине. Сондықтан кәсіби журналистерді ешкім де — әнші де, артист те, аспаз да алмастыра алмайды. Журналистика майталманы ең бастысы — кәсіпке адал болу екенін баса айтты.
Кездесу соңы дәмді дастарханда жалғасып, қызықты әңгіменің тиегі еркін ағытылды.
Жанболат Аупбаев ағамызға алтын уақытын бөліп келгені үшін алғыс айтамыз. Келіп қатысқандарға да рахмет!

Дина Имамбаева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *