Желтоқсан айындағы демалыс күндері қандай?

344

Еліміздің алдағы желтоқсан айындағы мейрамдарда қанша күн демалатыны туралы  egov.kz  порталы хабарлады.

Алдағы желтоқсан айында үш мейрам бар. Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл. Аталған мейрамдарда халық 11 күн демалатын болады.

Атап айтатын болсақ, Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар желтоқсанның 1 мен 3 аралығында демалады.

Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанның 15 мен 18 аралығы мерекелік демалыс.

Ал, Жаңа жылға орай еліміз 30,31 желтоқсанда және 2019 жылдың 1,2 қаңтарында демалатын болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *