Бүркіт: Халықтың сұранысы -комедия

532

28-қараша күні «CINEMAX/DOSTYK PLAZA/DOLBY ATMOS 3D» кинотеатры мен «Sulpak Cinema» компаниялары əнші, əрі режиссер Бүркіттің (Айбек Жансейітов) «Загадай желание» атты жаңа фильмінің жабық көрсетілімін өткізді. Бұл Бүркіттің кино əлеміндегі алғашқы қадамы емес. Бұған дейін «Логово» трейлері жарық көрген еді. Экшн-комедия жанрына бет бұруының себебін əнші бүгінгі көрерменнің талғамы деп түсіндірді.
Армандар орындалады. Тек əрбір көңіл қалауыңды үнемі күнделікке түсіріп отыру керек деп əкесі бала күнінен санасына сіңірген Мəриям есімді кейіпкер əкесі өмірден өткен соң, түрлі қиындықтарға тап болады. Тағдырында кездескен сəтсіздіктеріне соңғы уақытта күнделіктегі жазбалары да көмектеспейтін болды. Осы кезде оған сыйқырлы қалам ұсынған періште көмекке келеді. Түрлі шиеленістер мен келеңсіздіктерге тап болатын бас кейіпкердің басынан өткен оқиғалар желісінен тұратын фильмде кейде ертегі элементтері де кездесіп жатады. Сценарий құрылымында жаттанды жағдайлар орын алғанымен, динамика жағынан көрерменді жалықтырмайды.
Кинода Индира Еділбаева, Асылбек Мұсабеков, Кентал, Бауыржан Сатов секілді актерлар басты рөлдерді сомдаса, қысқа эпизодтарда Нұрлан Қоянбаев, Мейрамбек, Аиша секілді өнер иелері де бой көрсетеді. Фильм жайлы шығармашылық топтың пікірін бейнесюжеттен тамашалаңыздар.
Еліміздің кинотеатрларында жаңа фильм 29 қарашадан бастап көрсетіле бастайды.

 

Гаухар Түстікбаева

Бейнематериалды əзірлеген: Əлихан Жанарбек



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *