«Айтыстар» кітабының тұсаукесері өтеді

287

4 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов киноклубында Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен және “Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағының” ұйымдастыруымен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабектің “Атамұра” баспасында басылған «Айтыстар» кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мұхамеджан Тазабек Оразбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданының Шахан ауылында дүниеге келген. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының негізін қалаушы және Бас директоры.
«Айтыстар» кітабында қазақ айтысын жаңа деңгейге көтерген, айтыс өнерінің феномені атанған Мұхамеджан Тазабектің үздік айтыстары топтастырылған. Ақтаңгер ақынның ұлағатты шумақтары мен орамды ойлары берілген.
Іс-шараға қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен оқырман қауым қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *