Сбербанк «Еңбек» кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша көшбасшылық орнын сақтауда

855

«Сбербанк» АҚ ЕБ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы («Еңбек») бойынша көшбасшылық орнын сақтауда, — деп хабарлайды банктiң баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Банк жалпы сомасы 5 млрд 187 млн теңгеге 384 кәсіпкерді қаржыландырды.
164 жоба бойынша қамтамасыз ету ретінде жалпы сомасы 1 млрд. 166 млн. теңгеден асатын кепілдікер алынды.
Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен бастап белсенді қатысуда. 2017 жылы Бағдарламаның алғашқы траншы аясында Сбербанкке 4 млрд. 260 млн. теңге бөлінген болатын, ол түгелдей игерілді. Осы жылдың тамыз айында 2 млрд. 601 млн. теңге сомасында алынған екінші транш аясында Сбербанк 790 млн теңге сомаға 61 заемшыны қаржыландырып үлгерді.
2017 және 2018 ж. өзінде Сбербанк «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 581 млн. теңгеге 206 старт-ап жобаларды қаржыландырды.
«Банкттерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 23 млрд. теңгеден астам соманың 30%-ы Сбербанкке тиесілі, — дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов, — Бұл өз бизнестерін біздің банк арқылы дамытқысы келетін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін өте маңызды».
Мысалы, Атырауда мұнай-газ секторында қызмет атқаратын сервистік кәсіпорынға транспорттық қызметтер көрсетуді жоспарлап отырған ЖК «Бағдаулеттің» жаңадан басталған бизнесін, ал Павлодарда өңір тұрғындары үшін нан және нан-бөлішке өнімдерін өндірумен айналысатын ЖК «Айдалиді» Сбербанк осы бағдарлама бойынша қаржыландырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *