Қазақтың төл өнері

276

 

Алматыда құсбегіліктен ІІ Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған Азия біріншілігіне еліміздің бірнеше облысынан 70-ке жуық және әлемнің әр бұрышынан 20-дан аса құсбегі келді.

Аталмыш жарыстың негізгі мақсаты — ата кәсібімізді халықаралық деңгейге шығарып, оны спорт ретінде дамыту.

Рахат Жақсыбай, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры:

-Ең маңызды дүниенің бірі — бұл біздің өнеріміздің насихаты. Қазақстанның өзіндік бір ерекшелігі бар, бұл құсбегілікті спорт ретінде де дамытып отыр. Және құсбегілік жарысының жеңімпаздарына Азия чемпионы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі.

Жарыс негізінен үш санатта өтті. Яғни, Бүркіт пен Қаршыға және Ителгі баптаған құсбегілер арасынан үздіктер анықталды. Ал ертең Алматы облысындағы Көкбастау атшабарында «Сонар-2018» Халықаралық құсбегілер турнирі басталып, 6 желтоқсан күні жеңімпаздары анықталады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *