Әлеуметтік желілер күйзеліске душар етеді

275

Пенсильвания университетінің түлектері 143 студенттің қатысуымен тәжірибе өткізіп, әлеуметтік желілерде өтетін уақыт артқан сайын адамда жалғыздық сезімін тудырып, күйзеліске душар етеді деген пікірге келді.  Олардың тұжырымы Journal of Social and Clinical Psychology журналында жарияланды.

Тәжірибенің басында психологтар сауалнама жүргізіп, еріктілердің көңіл-күйі мен хал-жағдайын анықтап алған. Олар сондай-ақ Facebook, Instagram және Snapchat-тағы белсенділіктің орташа уақытын iPhone көмегімен өлшеп, 143 қатысушыны екі топқа бөлген. Бірінші топтағы студенттер әлеуметтік желілерде әдеттегідей белсенділік танытуды жалғастырған. Ал екінші топтың мүшелері әлеуметтік желінің әрқайсысына күніне 10 минут уақытын ғана бөлген. Бұл шарттар үш аптаға жалғасқан.

Қатысушылардың тәжірибеден кейінгі эмоциялық жағдайын білу үшін  психологтар жеті көрсеткіштен құралған сауалнаманы ұсынған.Олар: әлеуметтік қолдау, ортадан алшақтау қорқынышы, жалғыздық, беймазалық, күйзеліс, өзін-өзі бағалау және қабылдау. Нәтижелер жалғыздық пен күйзелістің әлеуметтік желіде өткізген уақытқа айқын тәуелділігін  көркеткен. Үш аптаның қорытындысы бойынша, тәжірибелік топтың барлық мүшелерінде  бақылау тобындағы қатысушыларға қарағанда  күйзелістің белгілері аз болған.  Топ жетекшісі Мелисса Г. Хант қарама-қайшы  қорытындыны жариялады: «Әлеуметтік желілерге аз уақыт бөлу адамда жалғыздық сезімін аздап ғана тудырады. Бұған себеп – санадан тыс салыстыру. Яғни адам басқа адамдардың өмірінде орын алып жатқан уақиғаларды көрген кезде, мысалы Instagram-да, өзге адамдардың барлығы дерлік одан жақсы өмір сүретіндей әсер қалдырады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *