Ұлттық тақырыптағы натюрморт

171

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және еліміздің  Тәуелсіздік күніне орай О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі және Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Академия жанындағы колледж оқытушылары мен жоғары оқу орын оқытушылары арасында «Ұлттық тақырыптағы натюрморт» атты Республикалық көрме-байқауы өтті.

Байқау жаңа таланттарды ашуға, «Ұлттық тақырыптағы натюрморт» өнерін сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына қосымша мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіру, отандық және әлемдік өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақ халқының өнері – халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. «Ұлттық тақырыптағы натюрморт» өнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып, халықтың көркем өнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық өнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды.

«Ұлттық тақырыптағы натюрморт» атты көрмеге 100-ден астам көркемсурет жұмыстары қойылды. Олар Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарынан қатысқан оқытушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстары. Әртүрлі техникада орындалған туындылар қатарында: матаға, киізге, былғарыға жазу салу техникалары да кездеседі; акварель мен майлыбояу техникасындағы суреттер де бар.

Бұл көрме Алматы қаласындағы барлық суретші қауымға өз шығармашылықтарын шыңдауға зор үлес қосады.

Аталмыш көрмеде ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының сыртқы істер жөніндегі орынбасары Б. Қақабаев, О. Таңсықбаев ат. Алматы сәндәк-қолданбалы өнер колледжінің директоры С. И. Шалабаев және Т. Жүргенов ат. мектеп-интернатының директоры З. Ж. Жумахметова алғысөз айтты.

Көрменің ашылуында жоғарыда аталған өнер ордалары ұсынған: «Ұлы дала», «Таңбалы тас», «Ханабад», «Бағала» атты сән үлгілері көрсетіліп, әсем әуенмен сүйемелденді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *