Кинематография туралы заң қабылданды

202

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Кинематография туралы» Заңды қабылданды. Заң жобасымен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

«Бұл кинематографияның дербес тынысын ашатын мәдениет саласындағы алғашқы заң жобасы. Оның қабылдануы Қазақстан кинематография тарихындағы маңызды оқиға болады ден сенемін. Барлық дамыған елдерде мемлекеттік кино саясаты жеке заңнама арқылы реттеледі. Сонымен қатар, елімізде кинематография саласын реттеп, одан әрі дамытуға бағытталған бұл заң жобасы Мемлекет басшысының биылғы қарашада жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында берген тапсырмаларын орындайтын бірден бір негізгі құрал болатыны сөзсіз», — деді  Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, Заң жобасы қаржыландыру, цифрлық жүйеге көшу, дубляж жасау және тағы басқа маңызды тармақтарды қамтыған.

«Заң жобасы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруды қарастырады. Қазіргі кезде киноаралық мониторингтер процесінде мемлекеттің рөлі бір функциямен шектелген. Ол – көрсетілімге прокаттау куәлігін беріп, фильмнің жас индексін тағайындау. Мемлекетіміздің аумағына кіргізілген фильмдердің саны, олардың көрсетілу жиілігі және басымдықтарын анықтайтын ортақ база жоқ. Күнделікті сеанстар, сатылған билеттер, көрермендер санының гратациясы бойынша біраңғай ақпарат көзі де жоқ. Заң жобасы деректерді есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға мүмкіндік береді», — деді Мұхамедиұлы.




One thought on “Кинематография туралы заң қабылданды

  1. САЯРУ

    Заңда шетелдің бейәдеп, қазақ халқының ұлттық танымына кері әсер ететін сериялдарға шектеу қою туралы тармақ жоқ па?????

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *