Роза Рымбаева Ресейдің «Ұлттық айбын» сыйлығымен марапатталды

690

 Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Ресейдің  «Ұлттық айбын» тәуелсіз қоғамдық сыйлығымен марапатталды.

Роза Рымбаеваға аталмыш марапат «Мәдениетті дамытуға қосқан сүбелі үлесі және өз ісіне адалдығы үшін» Мәскеудің Кремль Мемлекеттік сарайында табысталған. Бұл туралы халық әртісі өзінің инстаграм парақшасында жазды. 30 қараша күні Кремль сарайына Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес лидерлері, ЕАЭО мүше елдерінің алдыңғы қатарлы кәсіпкерлері жиналды. Салтанатты марапаттау рәсімі Ресей эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *