Атырауда ММА M-1 Challenge-ден халықаралық чемпионат өтеді

665
M-1 Challenge жеңімпазы атағына жарыс 15  желтоқсанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде болады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Атырау облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 
«Challenge Battle in Atyrau» барысында қазақстандық спортшы Сергей Морозов WEF GLOBAL чемпионы Бақытбек Дуйшобаевпен (Қырғызстан)  жарыс алаңына шығады. Аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев бразилиялық Кайк Аленкармен айқасады. Ал Абылай Төлеш ресейлік Сергей Клюевпен күш сынасады.
Кештің басты жарысы — M-1 Challenge чемпионы белдігі үшін күреске жартылай жеңіл салмақта
Андрей «Iron» Лежнев (Украина), 18-7  Нейт «The Train» Ландвермен (АҚШ), 11-2 шығады.
Қазір америкалықты  алғашқы жеңімпаз атағын қорғау сәті күтіп тұр, ол «Train»-нан атыраулық көрерменге нағыз шоу көрсетуге дайындық үстінде.
Айта кетейік, М-1 Challenge — халықаралық спорттық бренд және аралас жекпе-жектен турнирлер ұйымдастырушы. Қазақстандық жауынгерлер үшін бұл брендтің жарысына қатысу
 UFC-ге жол ашады.
Бұл бағыттағы көп жұмыстарды ҚР ММА, аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг федерациясының президенті  Сағындык Макеев атқарды. Соның арқасында Қазақстанда халықаралық дәрежедегі жеңімпаздар тәрбиеленуде.
Айта кетейік, М-1 Global жұмысын бастағалы бері  200-ден астам турнир өткізген, оның ішінде Road to M-1, М-1 Selection и M-1 Challenge де бар.  Турнир өткізу географиясы: Ресей, Украина, Грузия, АҚШ, Жапония, Бразилия, Испания, Нидерланд, Германия, Корея, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Финляндия.
Биыл Атырау Қазақстандағы алғашқы қалалардың қатарында осындай жоғары дәрежедегі жарыстарды өткізу құрметіне ие болды.  М-1 Challenge турнирі Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтеді.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *