Атырау горнизонында жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға байланысты оқу-әдістемелік семинар өтті

735

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі демартаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу профилактикасы» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша Департаментінің штаб бастығы Рафаэль Тулешев, Атырау гарнизонының Әскери полиция жсағы мен әскери бөлім өкілдері қатысты.

Шара барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл және жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі» талаптары шеңберіндегі шектеулерді сақтау мәселелерді талқылады.

Баяндама жасаған Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы офицері Елдос Мерекеев орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілері туралы ақпарат беріп, жемқорлық тәрізді қоғам дертімен күрес әр әскери қызметшінің тапсырмасы екенін және олар бойынша қолданылып жатқан жүйелі шаралардың нәтижелері туралы айтты.

Бұдан басқа, семинар-тренингке қатысушылармен мемлекет пен қоғамның түрлі өмір шеңберінде туындайтын жемқорлық деңгейін қысқартатын, оның себебі мен жағдайын жоюда қолданылатын превентивті түрдегі шаралар кешені, сондай-ақ, әскери ортада жүргізіліп жатқанжемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлық жағдайларды азайту және жою, халықтың әскери қызметке деген сенімін арттыру туралы айтылды.

Семинар соңында халықаралық жемқорлыққа қарсы тәжірибенің артықшылықтары, оның әскери салада қолданылу мүмкіндігін талқылаумен өзара пікір алмасу өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *