Шайдың құрамынан жүрек-қан тамыр ауруларын жазатын дәрі табылды

1006

Батыс Австралия Университетінің ғалымдары бір кесе шай немесе бір уыс жеміс-жидек тұтыну жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болу қаупін төмендететінін анықтады. Бұл туралы Live Science басылымы хабарлады.

Мамандар XX ғасырдың 90-жылдары басталған Danish Diet, Cancer and Health Study ұзақ мерзімді зерттеулеріне қатысқан 53 мың адамның деректерін сараптаған. Еріктілер «тағамдық тәртіп» сауалнамасында қай тағамды қандай жиілікте жегендерін жазып отырған. Сыналғандардың денсаулығын 23 жыл бойы тексеріп отырған. Сынақ мерзімі өткеннен кейін зерттеуге қатысқандардың 12 мыңында жүрек ақаулары пайда болған. Белгілі болғандай, күніне 500 миллиграмм флавоноидтарды қолданған еріктілерде жүрек ақаулары, инсульт, шеткі күретамыр ауруларының пайда болу қаупі едәуір төмен болған. Флавоноидтардың қабынуға қарсы қасиетке ие қажетті мөлшері  бір кесе шай, қаражидек, тағы басқа азық-түлік құрамында болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *