«Өңір» депутаттық тобы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселелерін талқылады

928

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Өңір» депутаттық тобының жұмыс отырысы болып, еліміздегі тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жою мәселелері және келешегі жөніндегі 2017 жылғы 31 мамырдағы ұсынымдарды Астана қаласында орындау барысы қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Шараға Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов, Сенат депутаттары – «Өңір» депутаттық тобының мүшелері, энергетика министрінің орынбасары Сәбит Нұрлыбай, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, Алматы облысы әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС қоқысты қайта өңдеу кәсіпорнының өкілдері қатысты.

Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов Елбасы 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында өңір басшылары мен шағын және орта бизнес субъектілерін тарта отырып, уақыт талабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жою және қайта өңдеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырғанын атап өтті.

Түйіні шешілмеген мәселелерге талдау жасаған С.Громов жыл сайын өндірілетін 5-6 миллион тонна қатты қалдықтардың шағын ғана көлемі қайта өңделіп, оның 90 пайызы полигондар мен қоқыстарда қалатынын атап өтті. Сенатор дамыған елдерде қалдықтар өнім өндіруде басқа материалдарды жартылай немесе толығымен алмастыратын екінші шикізат мәртебесін алатынын айта келіп, экологиялық саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатын қалдықтарды қайта өңдеуге баса назар аударуға шақырды.

Энергетика министрінің орынбасары Сәбит Нұрлыбай тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселелері бойынша 2017 жылғы 31 мамырдағы «Өңір» депутаттық тобының ұсынымдарын орындау барысы туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті. Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылғы 10

қаңтардағы Жолдауда айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша Жалпы ұлттық жоспардың 17-тармағын орындау аясында министрлік «Өңір» депутаттық тобының ұсынымдары ескерілетін жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуде.

Бұдан басқа, баяндамашы ағымдағы жылдың 10 айында ТҚҚ 3,77 миллион тоннаны құраса, оның ішінде 400 мың тоннадан астамы қайта өңделіп, жойылғанын айтты. Бұл жалпы қалдықтардың көлемінің 10,8 пайызын құрайды (2018 жылға жоспар — 11 пайыз). Бұл көрсеткіш 2017 жылы 9 пайызды, ал 2016 жылы 2,6 пайызды ғана құраған болатын.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун өз баянамасында елордада қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бойынша қанат қақты жоба іске асырыла бастағанын атап өтті. Жоба аясында бастапқы кезеңде қалдықтарды жеке жинау енгізілуде. Қайта өңделетін шикізатты бөлек жинау үшін 6 мыңнан астам сары еуроконтейнер мен оларға қызмет көрсету үшін отандық өндірістің 25 қоқыс жинайтын машиналар сатып алынатын болды.

Отырыс барысында, сондай-ақ Энергетика басқармасы және Алматы облысы әкімдігінің тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы мен «Оператор РОП» ЖШС басшылары қатысып, ТҚҚ жою бойынша өткізіліп отырған жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Сенат депутаттары талқылауға қатысты.

Отырысты қорытындылай келіп, «Өңір» депутаттық тобының басшысы, сенатор Михаил Бортник тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ТҚҚ жою мәселелері жөніндегі парламентшілердің ұсынымдары пайдаланғанын атап өтті. Заңнамадағы осы өзгерістер орталық және жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық қатты қалдықтардың мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *