Қоғамдық даму министрі АҚШ делегациясымен кездесті

926

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары Майкл Келлехермен кездесті, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар конфессияаралық келісім, діни радикализмге қарсы тұру және азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Дархан Кәлетаев Америкалық тарапты Қоғамдық даму министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Тараптар 2019 жылдың басында Қазақстанның мүдделі органдарының, АҚШ Мемлекеттік департаментінің және АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясының өкілдерінен құралған сараптамалық жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

Аталған алаңның аясында діни саланы реттеу және дін бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасулар өткізу жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда, АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігімен (USAID) бірлесіп, азаматтық қоғам саласында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды.

Жақын және өзара тиімді қарым-қатынастарды орнатуға деген өзара ұмтылыс Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кепілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының кеңейтілген стратегиялық әріптестігі жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *