Курсанттар тәжірибеден өтуде

888

Алматы облысында Құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығында 4-курс курсанттарының далалық практикалық сабақтары өтуде.

Осындай оқытуды ұйымдастырудың негізгі мақсаты — курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибеде шоғырландыру, жауынгерлік машиналардың қару-жарағының мүмкіндіктерін дұрыс қолдануды үйрету, моральдық-психологиялық дайындық, әскери техниканың тәжірибесімен танысу, курсанттардың тактикалық, ату және әдістемелік оқытуын арттыру, ұрысты ұйымдастыруда және жүргізуде олардың дағдыларын жетілдіру, бөлімшелер құрамында экипаждың келісілген іс-әрекетінің дағдыларын үйрету болып табылады.

Оқу жоспары және оқу орнының бағдарламасына сәйкес институт полигонында курсанттардың барлық мамандығы бойынша қарқынды практикалық сабақтар өткізілуде.

Сабақ басталғаннан бастап далалық жағдайда өмірдің ерекшеліктері туралы нұсқаулық, қару ұстаған кезде  әр курсанттың қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы сабақтар жүргізілген.

Далалық сабақтарда курсанттар әр түрлі атыс қаруынан атыс жаттығуларын бақылап (АК-74, ПМ), жаттығу барысында тактикалық дайындық дағдыларын қолданады. Сонымен қатар жердің қиын жағдайларында танктер және жауынгерлік машинаны жүргізу бойынша практикалық сабақтар жүргізілуде.

Курсанттар барлық өткізілген сабақтардан кейін арнайы және жауынгерлік дайындық пәндері бойынша, жауынгерлік машинаны жүргізуден, тактика және ату дайындығы сабақтарынан сынақтар тапсырады. Сонымен қатар броньдық техникадан, артиллериялық қондырғылардан және атыс қаруының бірнеше түрлерінен оқу атыс жаттығулары өткізілуде.

Осындай далалық оқу-жаттығулар, практикалық сабақтар болашақ офицерлерді даярлауда маңызды іс-шара болып табылады. Әскери практикалық сабақ 15 желтоқсан күні қорытындыланады.

Дайындағандар: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (фото), Алихан ЖАНАРБЕК (видео)

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *