«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

936

11 желтоқсан күні Астана қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің жеңімпаздары марапатталды.

«Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі үш аталым бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Биыл ең үздік тауар атағына ие болу құқығы үшін өңірлерде 1163 компания бәсекелесті, олардың саны ертеректе 650-800-ден аспаған. Danone Berkut компаниясы байқаулық бәсекелестіктің аймақтық кезеңінен сүрінбей өтті және онлайн-дауыс берудің республикалық кезеңіне өз қатысуын жалғастыра отырып, «Bio Баланс иммуно-complex» желісі өнімімен жеңіске жетті.

Біздің өнімге қазақстандықтардың таңдау жасағанына қуаныштымын! Bio Баланс бұл — құрамында С, D3, биотин дәрумендері, сондай-ақ В — B6 и B9 тобы дәрумендері бар байытылған сүт өнімдері сериясы. Дәрумендер ағзада жақсы сіңуі үшін Bio Баланста пробиотиктер мен тірі лактобактериялардың көп мөлшері кездеседі. Осының арқасында Bio Баланс өнімдері заттардың қалыпты алмасуына ықпал етеді, ағзаның қорғаныс функцияларын арттырады және көңіл-күйді жақсартады, — деп атап өтті Danon Berkut бас директоры Жиль БУРЛО.

Естеріңізге сала кетейік, байқау Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығына сәйкес құрылған және жыл сайын өткізіледі. Аталмыш іс-шараның мақсаты — отандық өндірушілердің қызметін жандандыру және шығарылатын өнім сапасын арттыру. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Астанада өтті.

Ырыс Амангелді




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *