«Қазақ газеттері» серіктестігінің тілшілері «Еркін сөз» шығармашылық байқауының жеңімпазы атанды

573

12-желтоқсан күні Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен жəне «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен қазақ журналистер арасында өткізілген «Еркін сөз» шығармашылық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқау шарты бойынша, жеңімпаздар «Үздік телесюжет», «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала» номинациялары бойынша анықталды. Қазылар алқасының шешімімен, «Үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде — «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының тілшісі  Дина Имамбаеваға берілді. «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде — «Егемен Қазақстан» газеті ресми сайтының тілшісі Бауыржан Мұқанға берілсе, «Үздік телесюжет» аталымы бойынша «Хабар24» телеарнасының тілшісі Мерей Мұратханқызы жүлдегер атанды. Сондай-ақ, «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ана тілі» газетінің тілшісі Ақбота Мұсабек «Еркін сөз» шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды. Биылғы байқаудың Бас жүлде иегерлеріне 500 000 теңге көлемінде, ал Ынталандыру сыйлығына 50 000 теңге сыйақы тағайындалды. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан заттай да сыйлықтар таратылды.

Ал, біз жүлдеге ие болған әріптестерімізге шығармашылық табыс пен шабыт тілей отырып, жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Қазақ газеттері» серіктестігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *