«Балуан Шолақ» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

1147

Қазақтың жауырыны жерге тимеген балуаны, ел арасында Балуан Шолақ атанған халық композиторы Нұрмағанбет Баймырзаұлы жайлы жаңа көркем фильм жарыққа шықты. 14 желтоқсан күні Алматыдағы  «Kinopark 8 Moskva» кинотеатрында фильмнің БАҚ өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті.

 

Туындының режиссері – Нүргелді Садығұлов, сценарий авторы – Дулат Исабеков. Балуанды сомдаған актер Еркебұлан Дайыров. Фильм режиссері Балуан Шолақтың рөліне үміткерердің аз болмағанын айтады. Дегенмен, мінезі мен ойнау ерекшелігі жағынан Еркебұлан көпшіліктен даралана түскен. Тек дене бітімін балуанға лайықтау үшін біраз жұмыстар атқаруға тура келді дейді. Тарихи фильмде Балуан Шолақтың әншілік пен сазгерлігінен гөрі, оның өмір сүрген тарихи кезеңін, яғни патша саясатына, соның ішінде қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыруға деген халықтың наразылығы кеңінен бейнеленеді. Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков фильмнің тарихи маңызымен қатар, оның «қап, әттеген-ай» дейтін тұстары да жоқ емес екенін атап өтті. Ол — Балуан Шолақ өміріндегі әйелдер образына қатысты, соның ішінде оның өмірлік арманына айналған Ғалияның образы жайлы болды.

Дулат Исабеков, сценарий авторы:

 

 

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында, сондай-ақ Павлодар қаласы мен Бурабай шипажайы аймағында өткен. Балуан Шолақ образын экранға алып келу, оның ержүрек батырлығынан бөлек, тұлғалық қасиетін аша түсу оңайға түспегенін картинаның қоюшы операторы Ренат Қосай айтады.

Ренат Қосай, қоюшы оператор:

 

Гауһар Түстікбаева,

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *