Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

1053

Бүгін Алматыда Тәуелсіздік күніне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша Тәуелсіздік монументі алдында салтанатты жиын өтті. Ал биыл ел тәуелсіздігіне 27 жыл толып отыр.

Шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастап, Алматы қаласының Ақсақалдар алқасы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Жиын соңында, Қазақстан Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанттары бүгінгі рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




2 thoughts on “Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

  1. Еңлік

    Биылғы жылы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаладағы Тәуелсіздік монументтіне гүл шоқтарын қойды. Осы арқылы өскелең ұрпақ біздің батыр ұл-қыздарымызды ардақтайтын болады.

  2. Лаура

    Қазақ үшін жанын қиған боздақтарды ең әуелі Алматы халқы еске алуға тиісті. Өйткені, дәл желтоқсан ызғары осыдан 32 жыл бұрын Алматы шаһарында болып еді… Оны ұмыту әсте мүмкін емес…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *