Қос батырға арналған қос турнир

340

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен студенттер арасында 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің қайраткерлеріне арналған 2 турнир ұйымдастырды.

Бірінші турнир тоғызқұмалақтан Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өтті.  «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған қаладағы жарысқа әртүрлі ЖОО-лардан 20-дан астам студент қатысты. Турнир нәтижесінде 1-орынды М.Құрылыс, 2-орынды Ә.Тұрлығұл, 3-орынды Е.Қуанышбаев иеленді.

Екінші турнир желтоқсан көтерілісінің тағы бір қайраткері Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Қазақс Спорт және туризм академиясында қазақ күресінен өткен жарысқа салмағы 80 килограммнан жоғары балуандар қатысты. Боз кілемде белдескен балуандар жарысында К.Орынбасар 1-орын алса, 2-орынды М.Бердіғали еншіледі, 3-орынды Н.Оңалбай қанжығасына байлады.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірдің айтуынша екі турнирдің де ұлттық спорт түрлерінен өткізілуінің өзіндік себебі бар.

«Біздің ұйым 10 жылдан бері ұлттық-этнографиялық бағытта жұмыстар атқарып келеді. Сондықтан үнемі іс-шаралардың ұлттық қырына басымдық береміз. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасымен тапсырмасымен бірнеше жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Солардың бірі 1986 жылғы желтоқсан қатысушыларына арналған «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы. Тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен өтіп жатқан турнирлер осы жоба аясында ұйымдастырылып отыр», дейді ол.

Екі турнирдің де жеңімпаздары медальдармен бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталды.

Б.Оспан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *