Қазақстан Республикасының экология саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар марапатталды

820

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 07 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына сәйкес, «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және биылғы жылы – Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл толу» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының экология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл мерекелік медалімен» марапатталады:


1. Салықов Ербол Ғұмарұлы – Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының директоры. Өңірімізде жауапты жұмыстарда қызмет жасаған. Аудан әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары ретінде жұмысты атқара жүріп, «экология саласына» тікелей басшылық жасады, облыстық қоршаған ортаны нығайтуға қосқан үлесі зор.
2. Даулетжанов Амангелді Метхадұлы — 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып жұмыс атқаруда. Осы уақытта мемлекеттік орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын айтарлықтай жақсартты. Облыстың көгалдандыру және экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосты.
3. Төремұратова Жансұлу Менешқызы – Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 10 жылға жуық Экология департаментінде жұмыс істеді, онда әр жылдары экологиялық үлгі-насихаттау және зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімін басқарды.
4. Жайсаң Ақбай – «Жайық-Орал» Халықаралық мәдени-тарихи, экологиялық экспедициясының мүшесі, көрнекті өлкетанушы, тарихшы. Экология саласына өз үлесін қосып, қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында.
5. Борщ Валентина Ивановна – Еңбек жолын 1978 жылы Орал бағынысындағы Орал-Каспий бассейндік инспекциясында инженер болып бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен тәжірибе жинап, 29 жыл бойы қызмет атқарды. Қызмет барысында көптеген жетістіктерге жетті. 2006 жылдан бастап, құрметті еңбек демалысына шықты.
6. Жұматаев Бекболат Буранбайұлы – Экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметін 22 жыл атқарды. Қызметтік міндеттерін адал орындап, табандылық пен бастамашылық байқатты. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленіп, міндеттерге жауапкершілікпен қарады.
7. Әлжанова Бағдагүл Сақтағанқызы – М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің биология және экология кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшылық кеңесінің мүшесі.
9. Кунашева Зарипа Хайроллақызы — М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің экология және биогеохимия сынақ зертханасының меңгерушісі, химия кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты. Экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшылық кеңесінің мүшесі.
10. Чаганов Николай Михайлович – Экология саласында 20 жылдан астам қызмет атқарды. 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін Экология департаментінің экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеп, күні бүгін құрметті еңбек демалысына шықты.
10. Тлегенов Сырым Бақтығалиұлы — Экология департаментінде 10 жылдан бері қызмет атқарып, қазіргі таңда мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп келеді. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу, келтірілген залалды жою, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ұлттық мүдденің сақталуын қамтамасыз етуде.
11. Ақбуранова Сандуғаш Аманжолқызы – Экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы. Қоршаған ортаны қорғау саласында өзін жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие білікті маман ретінде көрсете біледі. Өз міндеттеріне адал, ұқыпты әрі асқан жауапкершілікпен қарайды.
12. Хабибуллин Габиден Зарипұлы – Экология департаментінің экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы. Экология саласында 5 жыл қызмет атқарып келеді. Ол өзінің ынталы қызметкер екендігін көрсетіп, іс жүзінде бар мүмкіндігін қолдана алатындығын көрсете алады.
13. Газиев Габит Талаптанұлы – Экология департаментінің әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Мемлекеттік қызметтің қаржы саласында жинақталған кәсіби біліктілігін лауазымдық міндетін атқару барысында тұрақты қолданады. Мақсатына жету үшін қарым-қатынастағы байланыс желілерін және информациялық технологияны тиімді пайдаланады. Департаменттің әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, қаржыландыру жоспарын өз мақсатында тиімді пайдалану, департамент игілігіндегі материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында аянбай еңбек етуде.
14. Бақтығалиев Төлеген Сағынғалиұлы — Экология департаментінің экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы. Жұмыс уақытында өзін ынталы қызметкер ретінде көрсетіп, азаматтар мен табиғат пайдаланушылармен ынтымақтастықта, талапшылдығымен қарым-қатынас жасай біледі.
15. Жумашев Амантай Бақтыгерейұлы — Экология департаментінің экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы. Жұмыс барысында өзінің адал қызметкер, жұмыс қабілеті, көшбасшылық қасиеттері жоғары лауазымды тұлға екендігін көрсетеді.
16. Айсағали Гульфара Нұрғалиқызы – Экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің бас маманы. Қоршаған ортаны қорғау саласында өзін жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие білікті маман ретінде көрсетуде. Өз міндеттеріне адал, ұқыпты әрі асқан жауапкершілікпен қарайды.

Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *