Қайрат Қожамжаров прокурорларды Тәуелсіздік Күнімен құттықтады

1033

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті, — деп хабарлайды kazgazeta.kzҚазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров қызметкерлерді құттықтай отырып, еліміздің Тәуелсіздік жылдары ішіндегі табыстары мен жетістіктерін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттілікті қалыптастыру мен дамытудағы рөлін, сондай-ақ құқық қорғау органы ретінде прокуратура мәртебесінің нығайғанын атап өтті.
Ол Мемлекет басшысының ведомствоның алдына қойған міндеттерінің табыспен іске асырылып келе жатқанына тоқталды.
«Тек ағымдағы жылдың өзінде ғана Бас прокуратура халық үшін маңызы ерекше білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және тариф белгілеу салаларында ауқымды тексерулер жүргізді. Қадағалау шараларының нәтижесінде мемлекет кірісіне 34 млрд теңге, сондай-ақ сомасы 12 млрд теңге мүлік өндірілді. Барлығы 17 мың қызметкерге екі млрд теңге сомасындағы берешектің төленуі қамтамасыз етілді», — деп атап көрсетті Бас Прокурор.
Тәуелсіздік Күнін мерекелеу құрметіне қызметтік парызын үлгілі орындағаны, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету кезіндегі батылдығы мен жанқиярлығы үшін мына адамдар Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды:
II дәрежелі «Даңқ» орденімен – Бас прокуратура Қызметінің бастығы Бауыржан Мырзакеров пен Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев наградталды;
II дәрежелі «Айбын» орденімен – Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен Бас Прокурордың аға көмекшісі Бауыржан Құрманов;
«Құрмет» орденімен – Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Жазира Нұрлыбекова;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – Бас прокуратура Қызметі бастығының орынбасары Ризабек Ожаров, Бас Прокурордың аға көмекшілері Нұрлыбек Сәбитов, Азамат Сарғазин, Индира Сейітқасымова, Бас прокуратура Қызметі басқармаларының бастықтары Дархан Төлеуов пен Серікжан Мырзалы, Атырау қаласының прокуроры Руфат Құттықов, Астана қалалық прокуратурасының басқарма бастығы Жеңіс Пірімбек, Алматы облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Дулат Мұқанов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы Талғат Уәлиев;
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен – Бас прокуратура Қызметі басқармасының бастығы Сәкен Сәмет, Бас Прокурордың көмекшісі Бауыржан Жұмақанов, Бас прокуратура Қызметі басқармасының аға прокуроры Меруерт Спабекова, Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, Құқық қорғау органдары академиясы Аппаратының басшысы Ерулан Хасенов, Бас әскери прокуратура Аппаратының басшысы Арман Қапезов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бөлімінің аға прокуроры Шынар Хасенова, Екібастұз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Анна Козлова наградталды.
Бас Прокурор наградталғандарға заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жұмыста одан әрі табыстар тіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *