Әлқожаның әндері…

1208

Алматыда Жазушылар Одағында «Әлқожаның әндері» атты республикалық байқауы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен іріктелген қатысушылар бақ сынады.

Роза ӘЛҚОЖА,

әнші-сазгер, байқау ұйымдастырушысы:

-Әнші болғаныммен, кейде өзімнің әндерімді, өзім насихаттай алмай жүрген сияқты көрінемін. Сондықтан, әнші, әрі сазгер ретінде әндерімнің халыққа қаншалықты жетіп жатқаның білу мақсатында әлеуметтік желіде байқау ұйымдастырған болатынмын. Бірақ, жобаға кәсіби әншілер де қатысып кеткеннен кейін, еңбектері дұрыс бағалансын деп, кішігірім сахналық байқау ұйымдастырдық. Биыл ресми түрде бірінші рет өткізіліп отыр. Ең алғаш рет әлеуметтік желіде жарияланған байқау, бүгін шын таланттардың куәсіне айналып отыр. Осы байқау жеңімпазына «Дала сазы» шеберлер ұстаханасында жасалған 300 мың теңгелік кәсіби домбыра сыйға берілмек. Ал одан кейінгі орынға Алмас Мұстафа өз атынан домбыра тарту етіп отыр. Бүгінде репертуарымда 100-ден аса ән бар, оның 70-ке жуығы өз авторлығымдағы әндер.

Қазылар алқасының шешімімен «Əлқожаның əндері»  республикалық байқауының бас жүлдесіне Айжан Шахаева ие болды.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *