Х. Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театрының 25 жылдық мерейтойы аталып өтілді

1024

Мерейтой театрдың актеры, әрі бас режиссеры Самал Әбуовтың «Театр. Тарих. Тағылым» атты кітабының тұсаукесерімен ашылды. Тұсаукесер рәсімін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, доцент Мұрат Ноянбайұлы Ахманов пен Қазақстанның халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Жақыпова Гүлнар Хабиқызы ашып берді.

Бұл кітапта адами иірімдері, әртістердіңкөзге түсе қоймайтын кісілік қасиеттері, өнердегі ерекшеліктері айқын берілген. Қай актерды алмаңыз, оның қысқаша өмірбаяны, туып өскен жері, ойнаған рольдері жазылған. Тельман Имашевтың дара тұлғасы, пантомимашы Зефиль бейнесі, Сердеш Қажымұратов серілігі, Мұсағалидың мықты шеберлігі, бәрі бәрі сәтті берілген.Театрдың ширек ғасырлық жылнамасына татырлық дүниенің тұсаукесері мерейтойлық шараның сүбелі бөлігі болды. Одан әрі театр мұражайының ашылуымен,мерекелік конйцертке ұласты. 1993 жылы Тәуелсіздік күні — 16 желтоқсанда тұсауы кесілген театрдың алғашқы сахналаған шығармасы әйгілі М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы еді. Содан бері ширек ғасыр жылжып өте шықты. Театрдың репертуарлық негізін бірінші қойылымдардың авторлары Арқалықтан келген режиссерлер Ж.Есенбеков пен Е.Жылқышынов қалады. Жаңа театрда жұмыс істеу ұсынысына Одақ кезіндегі ең беделді Мәскеудегі Щепкин атындағы театр училищесінің түлектері жезқазғандық Қайыпберген және Ш. Есенқұловтар қуана келісім берген. Орал театрының негізін қалаушылар қатарында талдықорғандық ерлі-зайыпты әртістер М. Ахманов пен Х.Нұғманованың есімдері құрметпен аталады.

Туған өлкеміздің тума таланттары Г.Жақыпова, Т.Имашев, М.Бектенов, Б.Исалиева, Б.Жақыповалар театрдың алғашқы әртістері саналады.

Алматыдан келген сол кездегі жас әртістер Б.Молдабаев, А.Тілебалдиеваларды (Жүгінісова) кәсіби әртіс болып қалыптастырған. Елімізді айтпағанда, бірнеше халықаралық додалардың жүлдегері болған Хадиша театрының әртістері, қызметкерлері түрлі алғыс хат,төсбелгілермен марапатталды. Шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Сексенбаев, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Өтекешова Меруерт, Азамат Сатыбалды т.б театр өнерінің ірі өкілдері мәртебелі меймандар келді.

Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *