«Қызылжар – адалдық алаң» жобалық кеңсе – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы

932

Ағымдағы жылдың  24 желтоқсанында Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаң» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Кеңсенің міндеті — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет символикалық қызыл лентасын кесті.

— «Адалдық алаңы» — бұл бірегей жоба, ол өзінің тиімділігін еліміздің астанасы — Астана қаласында көрсетті, оның шеңберінде ауқымды және кешенді жұмыс жүргізілуде, — деді өз сөзінде Олжас Бектенов.

Басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту, халық үшін қолайлы жағдай туғызу және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қоғамдық бақылауды жандандыруға мәселелер жоспарланған. Жобаны кешенді іске асыру мақсатында оның жұмысына мемлекеттік қызметшілерді ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкерлер, азаматтық сектордың және БАҚ өкілдерін тартуы көзделіп отыр.

Жобалық кеңсе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатың өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру аясында ашылды. Ұқсас жобалық кеңселер мемлекеттің барлық өңірлерінде іске қосылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *