Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 77% құрайды, бұл көрсеткіш әлі өсуде

310

Әлемнің цифрландыруы – эволюцияның еріксіз кезеңі. Өткен жылы отандық интернет-пайдаланушылар саны 77% -ды құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 4%-ға көбірек. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл санның одан әрі өсуін болжайды.

Технологиялар мен инновациялардың дамуын ескере отыра, жылдам дамып келе жатқан цифрлық жетістіктер туралы ақпаратты халыққа жеткізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсат үшін мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру және бақылау мүмкіндігін беретін, отандастарымыздың өмірін жеңілдететін арнайы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Өкінішке орай, қазақстандықтардың басым бөлігі жоғарыда аталған құжат қалай жұмыс істейтіндігі туралы әлсіз түсінікке ие.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру қажеттілігін ескере, Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры «QDigitalInform» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Жобаның басты мақсаты қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамыту болып табылады.

Жоба бастауын сала мамандарының, жастар мен IT саласының қызметкерлерінің қатысуымен Астана қаласындағы семинардан алды. Жалпы жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам адам қатысты: Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Орал және Ақтау.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері қатарынан шақырылған спикерлер қатысушыларды «ақылды» экономика санатындағы тапсырмаларды орындау мүмкіндігін беретін блокчейн технологиясы мен компьютерлік платформалар арқылы криптовалютаның жұмыс істеу принциптерімен таныстырды. Сонымен қатар, мақсатты аудиторияның жақсы түсінуі үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының әрбір бағыты бойынша ақпараттық міндеттері жекелеген бөлім шеңберінде ашылып, талданды.

Жобаның медиа серіктестері ретінде «JasQazaq» газеті, «Caravan.kz» медиа порталы мен «365info.kz» ақпараттық порталы болды.

«Ақпараттық-аналитикалық ресурстардағы цифрлық жаңалықтар тақырыбындағы барлық ақпарат мақсатты аудиторияға бейімделген. Нәтижесінде осы тақырып бойынша 2,5-3 млн-нан астам адам жеткілікті ақпаратпен қамтылды», — дейді ұйымдастырушылар.

Семинарлар «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның бірден бір ерекшелігі – семинарлардың мемлекеттік тілде өтуі. Шаралар соңында қатысушылар арасында аталмыш семинарларды өткізу қажеттілігі туралы сауалнама жүргізілді. Мұндай талдамалық жұмыс қатысушылардың жобаға деген қарым-қатынасын көрсетумен қатар, заманауи технологиялар туралы келушілер арасында үлкен қызығушылық тудыратын ақпаратты ұсыну әдісін зерттеуге мүмкіндік береді. Себебі, жұмыс әдісі тапсырмаларды тиімді орындауға ықпал етеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *