Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

416

Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. ҚазАқпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған жарлықтың толық мәтінін жариялады.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *