Алматы облысында басқарма басшысы тағайындалды

493

Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәрлен Қапашұлы Көлбаев Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәрлен Қапашұлы 1976 жылы туған. «Жетісу» институтын, Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын экономист-менеджер, заң бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған қалалық ІІБ күзет бөлімінің күзетшісі болып бастаған.

Әр жылдарда Талдықорған қаласының ІІБ күзет бөлімінің полиция қызметкері, «Шаған» сауда үйі ЖШС күзетшісі, «Жетісу» экономикалық институтының күзетшісі, техникалық директоры, әскери-тіркеу үстелі мен кадр бөлімі инспекторының міндетін атқарушы, қабылдау комиссиясының хатшысы, № 2 оқу корпусының директоры болды.

Сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық бөлімінің проректоры, біліктілікті арттыру жөніндегі институт директоры, «Жетісу» экономикалық институты ректорының міндетін атқарушы, «Талдықорған қалалық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды.

Аталғандармен қоса ол «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіптік кешен департаментінің, Жобаларды басқару департаментінің бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС Талдықорған аймақтық өкілі, бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.

2015 жылдың мамыр айынан — Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *