Түркия билігі іздеудегі адамды Қазақстанға ұстап берді

469

Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде.

Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты.

Қазіргі уақытта Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *