«Ән мен әнші» концерті өтеді

1041

«Бейбітшілік және келісім сарайының» концерт залында Жаңа жылдық мерекеге арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ән мен әнші» концерті өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін, барша халыққа танымал «Ән мен әнші» жобасына Қазақстанның халық артистері Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Рамазан Стамғазиев, Нұрлан Өнербаев, «Құрмет» орденінің иегері Тамара Асар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұбаныш Жексенұлы, Досымжан Таңатаров, сонымен қатар, еліміздің танымал «МұзАрт», «Жігіттер», «Қоңыр» топтары мен Қыдырәлі мен Қарақат, Жанболат пен Жазира дуэттері қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *