31 желтоқсанда ауа райы қандай болмақ

278

Метеорологтар 31 желтоқсанда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтты.

«Республиканың батысынан ауысып келген циклонның ықпалы солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сақталады. Сондықтан, Жаңа жыл алдында аяздар басылып, қар жауып, бұрқасын соғады», — деп хабарлады Қазгидромет орталығы.

Түнде ауа температурасы минус 10-15 градус және күндіз минус 3-10 арасында болады.

«Қазақстанның батысында кезекті антициклонның ықпалынан түнде 15-25 градус аяз күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашын болып, түнде және таңертең тұман түседі және көктайғақ болады. Температура түнде 2-13 аяз, күндіз 3-5 болуы ықтимал», — деді гидрометорталық өкілдері.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *