«Хан Шатыр» сауда орталығында жаңажылдық қайырымдылық шарасы болады

438

 «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атриумында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық таңертеңгілігі өткізіледі. Сауда орталығы ерекше балаларға арналған осындай шараларға жыл сайын демеушілік көрсетіп келеді.

Бүгін 12:00-де «Хан Шатыр» СОСО-да жаңажылдық қайырымдылық таңертеңгілігі өткізіледі. Шараға «Батыр» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мамандандырылған орталықтардан мүгедек балалар, Ақмол, Өтеміс, Қараөткел, Новоишимка, Максимовка, Қоянды, Қабанбай батыр, Қосшы ауылдарының кішкентай тұрғындары қатысады. «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінен 135 бала қатысады. Жаңажылдық шыршаға сондай-ақ «Балам-ай» қоғамдық қорынан 30 бала келеді.

Таңертеңгілікке  мүмкіндігі шектеулі 350 бала қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *