Богатырь Көмір» тұтынушыларға көмірдің рекордтық көлемін жөнелтті

563

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен көмірдің соңғы 10 жыл ішіндегі рекордтық көлемі өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  хабарлайды.
Жыл соңына қарай кеншілер 45 млн. тоннаға жуық көмір жөнелтті, бұл кәсіпорынның өндірістік қуатынан асып түседі (42 млн. тонна). Жылдық жоспарды – 41,30 млн. тоннаны – олар 5 желтоқсанда орындап қойды.
Қазақстанның энергия жүйелерінің көмірді тұтынуы күрт өсіп, «ГРЭС Топар» ЖШС-ға, «Павлодарэнерго» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-2, 3 жоспардан тыс көмір жөнелтілуі және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеуге көмірдің көп тиелуі оның биыл өндіру және сату көлемінің ұлғаюына себеп болды.
«Богатырь Көмірдің» кеніштерінен алынатын көмір Қазақстан мен Ресейдің электр және жылу станциаларында отын ретінде, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеуге пайдаланылады. Оның негізгі пайдаланушылары – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және Рефтинск ГРЭС, оларға жөнелтілетін көмірдің үлесі 45%-тен асады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *