Теңге 20 пайызға құлдыраған

1265

Тарих қойнауына кіріп жатқан 2018 жылдың басында доллардың теңгеге шаққандағы құны — 319,83 теңге болған екен. Қаңтардың аяғында-ақ доллар құны – 333,29 теңгеге жетіп үлгерген. Жыл бойы доллардың теңгеге шаққандағы құны 20 пайызға, яғни 64,37 тиынға қымбаттаған.

Доллар бағасының жыл бойындағы құны

Егер алғашқы жарты жылдықта теңге бғамы біршама тұрақты болса, маусым айынан бастап доллар бағасы қарқынды түрде өсе бастаған. Маусымды 341 теңгемен аяқтаған доллар бағасы, қыркүйек айында 380 теңгеге жетіп жығылған. Бірақ, қазан, қараша айларында доллар құны біршама төмендейді. Егер, қазан айында теңгенің долларға шаққандағы құны 360 теңге болса, қазанның соңында ол – 373 теңгеге жетіп тоқтайды, Желтоқсан айын 369 теңгемен бастаған доллар құны жыл аяғында аяқ астынан шарықтап кеткен. 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 384,20 теңгеге жетіп жығылып отыр. Яғни алдағы жылда доллар құны шарықтап, теңге құлдырай беретін болмақ.

Доллар бағасының Желтоқсан айындағы құны

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *