Елбасы кино туралы заңға қол қойды

423

Мемлекет басшысы заңнаманы «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін «Кинематография туралы» заң жобасы Парламенттің қарауына өткендігі жайлы айтқан едік. Бұл жоба ұлттық киноны қалыптастыру, Қазақстан фильмдері мен шетелдік компаниялармен бірлесіп түсірілген киноларды халықаралық нарыққа шығару және кино саласын дамытуға, реттеуге арналған маңызды мәселелерді қарастырады.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *