Қарағандыда ҚР ІІМ академиясының жаңа басшысы тағайындалды

552

Қарағандыда ҚР ІІМ академиясының жаңа басшысы болып Ақынғали Дәрменов тағайындалды, — деп хабарлайды  kazgazeta.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов Қарағандыдағы Бәрімбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының жаңа басшысы — полиция полковнигі Ақынғали Дәрменовті таныстырды», — делінген министрлік хабарламасында.

Ақынғали  Дәрменов — Қостанай облысында туған. Алматыдағы ІІМ заң институтының түлегі, ҚР ІІМ академиясының адъюнктурасын аяқтаған, заң ғылымдарының кандидаты.

2008 жылы Германияда Маршалл атындағы қауіпсіздік жөніндегі Еуропа зерттеу орталығында оқыған.

2012 жылы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен Кембридж университетін аяқтаған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *