Алматы облыстық ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

678

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне басшы болып Ерлан Нұрпейісов тағайындалды, — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Ерлан Сәдкенұлы азаматтық қорғау органдарында 1989 жылдан қызмет атқарып келеді. Жоғары білімі бар.

2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы МБҚБ бастығының орынбасары, 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалының бастығы, 2012 жылдан ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Айбын» орденідермен және «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *