Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында ән айтады

322

Танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу кезінде концерт береді. Сонымен қатар облыстағы 12 аудан қалаға өз сыйын жасайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мамыр айына жоспарланған. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік шара аясында әнші Димаш Құдайберген қалада концерт береді. «Қала тұрғындары мен қонақтарына мерейтойды еске салатын әлеуметтік, өндірістік нысандарды қолданысқа беру керек. Бұл шарадан бірде бір ақтөбелік тыс қалмайды. Әр адам өз үлесін қосуы тиіс», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Осыған орай, қазіргі кезде 20-ға жуық өндіріс орнын, 6 жылыжай мен көкөніс қоймасын, 28 қызмет көрсету нысанын қолданысқа беру көзделіп отыр. Барлығы 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 3100 шаршы метр пәтер қолданысқа беріліп, балабақшалар мен мектептер ашу көзделген. «Бөкенбай батыр, Есет батырға, Ақтөбе кеңесінің бірінші төрағасы Василий Зинченкоға ескерткіш қойылады. Қаланың 150 жылдығына монумент орнатылып, деректі фильм түсіріледі. Қайырымдылық шараларына басымдық беріледі. Ал 12 аудан сыйға әлеуметтік нысандарды тарту етіп, көгалдандыруға атсалысады», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *