Шымкентте мүмкіндігі шектеулі тұрғындар кәсіптік білім алды

160

Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысқан мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық азаматқа арнайы куәліктер тапсырылды.

Тұрғындар үш ай көлемінде электронды есептеу машиналары операторы мамандығын меңгерді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында білім алғандар  жұмысқа да тартыла бастады.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2 мыңға жуық адамды жолдаған. Олардың 83-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жолдамамен білім алғандар  тігінші, ағаш ұстасы, маникюр шебері, кассир, ЭВМ операторы сияқты нарықта сұранысқа ие мамандықтарды меңгерген. Орталық қызметкерлері аталған бағдарлама аясында мыңға тарта мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *