Тұз шашыраңқы склероз дертін тудырады

1107

АҚШ ғалымдары тұзды көп мөлшерде тұтыну шашыраңқы склероз дертінің пайда болу қаупін едәуір арттыратынын анықтады. Бұл туралы MedicalXpress таратқан хабарламада айтылады.

Шашыраңқы склероз ми мен жұлындағы жүйке талшықтарындағы миелин қабықшасының бұзылуынан туйындайтын  жүйке жүйесінің түрлі бөліктері  зақымдалатын созылмалы аутоиммунды ауру. Өкішінке орай, ауруды емдеп-жазатын тиімді әрі нәтижелі әдістер жоқтың қасы. Сондықтан ауруға  шалдыққан науқастардың  орташа өмір сүру ұзақтығы сау адамдарға қарағанда 5-10 жылға кем болады.

Ғалымдардың айтуынша, жасушаларда тұздың  артығымен жиналуынан  Wnt сигналды жолының күшеюі орын алатынын анықтады. Оның бір бөлігін β-катенин ақуызы құрайды. Wnt сигналды жолы интерферон-гамма және  интерлейкин-10  цитокиндерін шығаратын  реттегіш Т-жасушаларының қызметін бұзады. Цитокиндердегі үйлесімсіздік орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қабыну үдерістерін туғызады.  Бұған дейін Бостондағы Бригхэм әйелдер ауруханасындағы мамандар тұзды шамадан тыс пайдалану мезгілсіз қазаға әкелетінін дәлелдеген болатын.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *