Еріктілер жетім және мүмкіндігі шектеулі 350 баланы жаңа жылмен құттықтады

409

Мейірімді Жаңа жыл еріктілер бастамасы аясында 350-ден астам бала Жылы жүрек қозғалысының еріктілерінен сыйлық алды. Мерекелік қайырымдылық акциясы Қазақстанның барлық аймағында тұрақты түрде өтіп тұрады. Идеяны көтерген Beeline компаниясындағы корпоративтік еріктілер қозғалысының қатысушылары. Бұл туралы Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі хабарлайды. 

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен балалар үйіндегі бүлдіршіндер ойыншықтар, тәтті дәмдер, сондай-ақ аса қажет бұйымдар: киім, аяқ киім, кеңсе тауарларын алды. Көптеген отбасы мен ұйым еріктілердің тұрақты қарамағында. «Жылы жүрекке» Компанияның топ-менеджерлері де белсене қатысуда.

«Жаңа жыл қарсаңында акция өткізу бізде дәстүрге айналды. Шамамыз келгенше көп баланы қамтуға, олардың өміріне сәл де болса қуаныш кіргізуге тырысамыз. Бұл толықтай еріктілер бастамасы, яғни еріктілер — Beeline қызметкерлері қаражат жинап, сыйлықтарды өздері сатып алады. Бұл ақпаратты сырт көзге өзімізді жарнамалау мақсатында емес, бүкіл бизнес-қауымдастықты «Жылы жүректен» үлгі алуға және қайырымды істерді қайтарымсыз негізде жасауға шақыру үшін айтып отырмыз. Егер мұндайды қаласаңыздар, бірақ неден бастауды білмей жүрсеңіздер, біздің еріктілер тәжірибесін қуана бөліседі. Ең бастысы – әлемді арайландыруға ұмтылу», — дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Олександр Комаров.

Beeline Қазақстанның корпоративтік еріктілер бағдарламасы 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде оның ұяшықтары компаниямыздың барлық филиалында қызмет істеп тұр. Шамамен 1000-ға жуық қызметкер өз уақытын, тәжірибесі мен білімін сала отырып, еріктілер жобаларына белсене қатысуда. Көптеген акциялар «Жылы жүрек» бағдарламасының аясында тұрақты түрде өтіп келеді. Еріктілер Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне және Білім күніне орай өткізілген қайырымдылық жобаларына жұмылдырылған, сонымен қатар Қазақстанның барлық аумағында ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, әртүрлі әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бұйымдарды жинауға атсалысуда.

Еріктілер тәжірибе алмасу үшін және «Жылы жүрек» қозғалысын ары қарай дамыту жоспарын құру үшін жыл сайын бас қосады. Компанияның қолдауының арқасында, Beeline-дағы еріктілер саны артып келеді және әр жолы балалар саны да артуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *