«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ДІНИ АҚПАРАТ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН CALL ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

3306

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қашанда жаңашылдық пен жарқын үрдістердің үлгісін көрсетіп, замана көшіне сай технология жетістіктерін тиімді пайдаланып келеді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылып отырған сондай жобалардың бірі – халыққа «Діни ақпарат беру орталығы» және 24 сағат бойы үзіліссіз қызмет жасайтын CALL орталығы ашылып отыр.

8 (7172) 33-30-30 нөмірі бойынша іске қосылған CALL орталығы жұмысына Астана қаласының 60 діни қызметкері жұмылдырылған. Түрлі діни мәселелер бойынша жауап іздеген жамағатқа қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетілетін болады.

Ал, Ислам және отбасы жылы аясында қолға алынған бірегей жобалардың бірі – Діни ақпарат беру орталығы. Аталмыш орталық қызметкерлері келушілерді арнайы қабылдап, жанұялық жағдайларға байланысты шариғи шешімдер қабылдауға көмектесетін болады.

Қос орталықтың ашылу салтанаты 10-қаңтар күні сағат 15.00-де «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *