Жастар жылында Астанада жастар ресурстық орталығы ашылады

560

Онда Азаматтық бастамалар орталығы да орналасатын болады, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

2018 жылдың қорытындылары мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қазіргі таңда елордада «Астана жастары – 2019» атты өңірлік жол картасы әзірленгенін мәлімдеді.
«Өздеріңізге мәлім, 2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялады. Қазіргі уақытта «Астана жастары — 2019» атты өңірлік Жол картасы әзірленді. Құжат 11 өзекті бағытты қамтитын 90 жобаны құрайды. Бұл жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылық, талантты жастарды қолдау және тағы да басқа маңызды салаларды қамтиды», — деп атап өтті әкім.
Бақыт Сұлтанов осы ретте Жастар жылының аясында елордада жастар ресурстық орталығын ашу қажеттігін алға тартты.
«Жастар жылы аясында Жастар сарайының базасында Жастар ресурстық орталығын ашуымыз қажет. Ол қаладағы барлық жастар ұйымдарының институционалдық қызметтерінің сапасын жақсартатын және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын арттыратын орталық болады. Сонымен қатар, онда Азаматтық бастамалар орталығы да орналасады», — деп мәлімдеді ол.
Еске салайық, бүгін қалалық әкімдікте Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен 2018 жылдың қортындылары мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өткен болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *