«Батыс» өңірлік қолбасшылығында мамандық бойынша бақылау сабақтары аяқталды

422

Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери қызметшілер мамандық бойынша даярлық емтихандарын тапсырып, бөлімшелердің үйлестіруіне кірісіп кетті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлайды.  

10 желтоқсан мен 8 қаңтар күндері аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының толық жеке құрамы мамандық бойынша даярлық сбақтарына жұмылдырылған болатын. Бұл іс-шараның басты мақсаты әскери бөлімдерде оқыту пәндері бойынша жеке құрамының оқытылу деңгейін, әскери қызметшілердің өздерінің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау болды.

Даярлықты сапалы өткізу мақсатында 22 мамандық бойынша тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан тағайындалған 400-ге жуық инструктор-мамандар іріктелген болатын. Сабақтар барысында олар автомобильді техника жүргізушілері, броньды танкті техниканың механик-жүргізушілері, көздеуші операторлар, артиллерияшылар, байланыс, инженерлік-саперлік, барлау бөлімшелерінің мамандары бойынша әскери қызметшілерді дайындауға ерекше назар аударды, сондай-ақ жеке құрамның әртүрлі оқ-дәрілерді, техниканы, мүлікті қолдану және оларды пайдалану қағидаларының тәсілдері мен әрекет ету қағидатын жан-жақты оқып-үйренуіне зейін қойды.

Мамандық бойынша дайындықтан өткен әскери қызметшілерді оқытудың негізгі пәндері бойынша сынақтарды қабылдау талдауы жалпы алғанда, мамандар өздерінің функционалдық міндеттерін орындауы үшін қажетті білім алғандарын көрсетті.

Бақылау сабақтарының қорытындысы бойынша үздік мамандары анықталды. Олардың қатарында «Үздік бөлімше командирі» — кіші сержант Эльдар Бузруков, «Үздік танк командирі» – сержант Жалғас Адилов, «Үздік нұсқаушы-оператор» — мерзімдік қызметтегі қатардағы жауынгер Александр Славский, «Үздік жүргізуші» – аға сержант Радмир Алисанов, «Үздік гранатаатқыш» — мерзімдік қызметтегі қатардағы жауынгер Иван Зелинский бар.

Ендігі кезекте, әскери қызметшілер әскерлерді даярлаудың келесі кезеңі — бөлімшелердің үйлесуін бастап кетті. Онда әскери қызметшілер өздерінің бөлімшелері құрамында жинақтаған машықтықтарын іс жүзінде пысықтайды




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *