Forbes 2018 жылғы Ресей рейтингінде қазақстандық балмұздақ Бахрома екінші орында

183
Әлемдегі ең танымал және беделді экономикалық басылымдардың бірі «Forbes-Россия» рейтингіне сәйкес, қазақстандық өндіруші «Шин-Лайнның» «Бахрома» балмұздағы 2018 жылдың үздік жаңа өнімдері арасында екінші орынды иеленді.
Басылым 1995 жылдан бері жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі балмұздақ өндірушілердің бірі Ресей мен Еуропаны бағындыру жоспарымен, нарықтың үлесі мен шекараларын кеңейту үшін «Бахрома» брендін шығарғанын атап өтті. Жаңа өнімнің концепциясын дайындамас бұрын Ресей, Қазақстан және Қытайда фокус-топтар өткізілді. Нәтижесінде Еуропада да, Азияда да түсінікті «Бахрома» атауы таңдалды. Балмұздақтың әр түріне бренд құру жөніндегі мамандар өз бейнелеу элементін салды. Ресей нарығына бренд «Ашан» сауда желісі арқылы шықты, ал өткен жылы сатылымнан түскен түсімді «Forbes-Ресей» 427,5 миллион рубльге бағалады.
«Біздің компания дамуының негізгі бағыттарының бірі — экспорт. 2018 жылы экспорт бойынша біз деңгейден 10%-ға астық. Бұған дейін екі жыл бойы экспорттық нарықтар үшін арнайы әзірленген «Бахрома» бренді осы өсімге өзінің салмақты үлесін қосты. Бұл өнім халықаралық трендтерге толық сәйкес келеді және инновациялығымен ерекшеленеді. «Бахрома» балмұздағы жоғары технологиялық желіде дайындалады және құрылымы бойынша күрделі болып саналады. Кез-келген қарапайым өндірісте мұны өндіріп шығару мүмкін емес, сондықтан бұл түр бірегей, өте сирек кездеседі және балмұздақ өндіру бойынша әлемдік көшбасшылармен ғана дайындалады», — деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.
Ресейге экспорттау компанияның жалпы экспортының шамамен 60% -ын құрайды. 2018 жылы Ресей нарығында белсенді сатылымдардың арқасында «Шин-Лайн» экспортының сатылымы 3 есе өсті. Ресей нарығында 2018 жылы «Бахрома» балмұздағының сатылымы 950 тоннаны құрады. Ресейдегі балмұздақ нарығының сыйымдылығы 350 мың тоннаны құрайтындығын есепке алғанда, бұл көп емес. Бірақ келесі жылы компания сатылымды кем дегенде екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ресейлік нарыққа «Тролли», «Мишка на полюсе» және «Бомба» сияқты компанияның брендтері де жеткізілуде. «Шин-Лайн» балмұздақтарын бүгін Ресейдің түрлі қалаларында, соның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург және олимпиялық Сочиде кездестіруге болады.
Жалпы «Бахрома» брендінің экспорты 2018 жылы 2100 тоннаны құрады. Компанияның инновациялық өнімі қазірдің өзінде Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты Орталық Азия елдерінің нарығына, сондай-ақ Монғолия және әлемдегі ең ірі және жоғары бәсекелі тұтыну нарықтарының бірі – Қытайға еніп отыр. Украинаға және Кавказға балмұздақты экспорттауды жолға қою жоспарланып отыр, және осы мақсатта келіссөздер жүргізілуде, ал Белоруссия нарығы осы кезеңде бақылауға алынған.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *