Beeline Алматыдағы Арбатта жаңа digital-кеңсесін ашты

593

Beeline Алматыдағы жаңа кеңсесін көрсетті. Клиенттер жаңа кеңседе әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, мобильді теңгерімнен онлайн-төлеуге арналған MFS аймақты пайдалана алады. Сонымен қатар BeeTV аймағы келген клиенттерді Beeline-ның үйдегі интернет-телевизиясымен таныстырады.

Компания жетекшілері жаңа тұжырымдама абоненттерге қызмет көрсетудің digital-арналарын жиі пайдалануға көмектеседі деп санайды. Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директор Евгений Настрадиннің айтуына қарағанда, енді тұтынушыларға Beeline кеңсесіне бару бұрынғыдай аса қажет емес:

«Біз онлайн-сервистерді белсенді түрде дамытып жатырмыз. Тарифтік жоспарды ауыстыру, SIM-карта сатып алу, beeline card-қа тапсырыс беру, шот бойынша есеп алу, қызметтерді қосу және өшіру – осының бәрін өзіңіз жасай аласыз. Смартфон, планшет немесе компьютер болса, болды. Осы операциялардың қай-қайсысы да бір-екі шертумен шешіледі. Қорыта айтсақ, біз абоненттердің уақытын үнемдеп, Beeline қызметтерін компания кеңсесіне бармай-ақ қосылуға мүмкіндік береміз».

Жаңа кеңсенің жобасын жасағанда, Beeline-да абоненттердің барлық тілегі ескерілді. Мысалы, кофебар мен жайлы коворкинг-аймақ ашылды, мұнда кез келген жан WI-FI желісін тегін пайдаланып, өте жайлы жерде жұмыс жасай алады. Арнайы стендтерден Beeline-ның қаржылық сервистері мен тұрақты қызметтері, бизнеске арналған ұсыныстары мен машинааралық байланыс өнімдері (М2М) туралы ақпарат алуға болады. Ұялы байланыс операторы клиенттер компаниямен байланыстан тек жағымды әсер алуы үшін барлығын жасауға ұмтылады.

Байланыс қызметтерінен бөлек, жаңа кеңсеге келгендер смартфондар мен олардың керек-жарақтарын сатып ала алады.

Алматыдағы Beeline кеңсесінің мекенжайы: Жібек жолы көшесі 98 (Арбат). Алматыда жалпы алғанда 30 қызмет көрсету нүктесі бар, Beeline абоненттері сол жерлерде көптеген қызмет ала алады. Кеңселердің мекенжайын www.beeline.kz сайтынан көруге болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *