Ипотека бағдарламалары қауқарсыз

1551

Қазір бас-басына үй іздейтін қазақ көп. Сол көптің бірі — өзім. Көптен бері Астананың құрылыс, үй нарығын бір адамдай зерттеп келем.

Үкімет ипотека үшін бағдарламаның түр-түрін ұсынып көрді. Бірақ пайдасы шамалы болғанын мойындау керек. Себебі Астанадағы үйлердің бағасы оның тиімділігін көрсете алмады. Көп адамға алғашқы жарнаның өзін жинау қиынға соқты. «7-20-25» шығып еді, онымен кез келген үйді ала алмадық. Шамаң жетіп тұрса да, қалаған ЖК-ңнан пәтер бұйырмады. Себебі үйдің саны шектеулі. «ҚұрсынЧ, ипотеканы былай да алам» деп пайызы төмен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» барсаң, мүліктің 50% ақшасын сұрап олар отыр…

Тағы бір байқаған дүнием: құрылыс компаниялары қолма-қол ақша әкел дейтін болыпты. Хабарландыруын қарасаң, «ИПОТЕКИ НЕТ. 7/20/25 НЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ» деп бадырайтып жазып қояды. Көбісі пәтердің ақысын 18 айға бөліп төлеуге береді. Орташа есеппен 20 млн теңгенің үйін сол мерзімде айына 1 млн 111 мыңнан төлеп құтылуың керек. Түсінесің, сенің темаң емес…

Сосын екінші деңгейлі нарықтағы үйлерге ығыса бастайсың. Бұл санаттағы баспаналардың дені — қаланың шетіне қарай орналасқан. Үй көп, бірақ ескі. Бағалық өлшемі — 15 млн теңгеден басталады (2-3 бөлмелі). Сатушылардың дені ескі ауданнан орталыққа қарай көшуді ойлайтындар деп топшыладым.

Екінші деңгейлі нарықта сатылатын үйлерді мына аудандардан көп кезіктіресіз:

Сарыарқа ауданынан — Тілендиев, Бейсекова, Байсейітова, Тамшалы;

Алматы ауданынан: Абылай хан, Құдайбердіұлы, Мүсірепов, Мұстафин, Армандастар, Рысқұлбеков;

Есіл ауданынан: дені — Жағалауда. Жазда маңындағы көлдердің сасық иісі қолқаны қабады. Бұл — бір. Екіншіден, көбісінің құрылысы толық бітіп үлгермеген. Тіпті кейбірі «проблемный» үйлер. Қазір арзан болғанымен, құрылысы уақында біте ме, жоқ па ол жағы белгісіз.

Қысқасы, қолыңда кемі 30 000 000 ақшаң болса ғана дұрыс үй алуға болады. Нарықтан ұққаным осы. Қалған жағдайда қолыңа қарап, «бұнымен қай жыртығымды жамаймын?» деп жүре бересің, жүре бересің…

Нұрболат Туысбайұлының фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *