МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

299

Бүгін аудан әкімі Б.Асановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде ауданда аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру, жылдың қорытындысы бойынша ветеринария саласында атқарылған жұмыстар және санитарлық тазалық тақырыптары бойынша мәселелер қаралды, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен баяндама жасаған аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Саттаров аудандық мәслихаттың шешімімен ауданда аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары сайланғанын атап өтті. Аталған шешімге сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының құрамында 7 мүше, учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 383 мүше қалыптастырылыпты.

Мұнан соң аудандық ветеринария бөлімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының жылдық есебі бойынша бөлім басшысы А.Абдиев баяндама жасады. Өткен жылы ветеринария саласы бойынша 8 заңды тұлғаға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қорытынды, 4 409 жеке тұлғаға ветеринариялық анықтама, 1 489 дана жеке тұлғаның жануарларына паспорт беріліп, мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

«Эпизоотологиялық көктемгі-күзгі вакцинация да дер кезінде жүргізілді. 640 484 бас ірі қара, түйе, шошқа, 1 587 126 бас ұсақ мал, ит және мысықтарға, 26 500 бас құсқа егу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, серологиялық диагностикалық тексеру жоспарына сәйкес, 108 353 ірі қара тексеріліп, іріленген аудан бойынша 11 басқа оң нәтиже берген» — деді А.Абдиев.

Бөлім басшысы энзотиялық аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі залалсыздандыру жұмыстары бойынша 92 486 бас ірі қара бүркілгенін және 189 816 бас ұсақ малдарға тоғыту жұмыстары жүргізілгенін айтты. 1 479 143 шаршы метр қора жайлар мен оған жапсарлас аумақтарға дезинсекция жұмыстары жүргізілген. Ал күзгі залалсыздандыру жұмыстары бойынша 92 726 бас ірі қара бүркіліп, 190 056 бас ұсақ малға тоғыту жұмыстары және 1 479 383 шаршы метр аумаққа дезинсекция іс-шаралары жасалған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 40 460 ірі қара, 47 739 ұсақ мал, 6 462 жылқы, 422 түйе, 460 шошқа, 59 636 құс бар.

Жиын барысында сөзге шыққан аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы М.Сәрсенов Мырзакент-Атакент бағытындағы жолдың бойындағы санитарлық тазалық мәселелері бойынша кенттер мен ауылдық округ әкімдерін сынға алды. Ал мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Б.Асанов берілген тапсырманы орындамай санитарлық тазалықтың жоқтығына жол берген әкімдерге қатаң іс-шара көрілетіндігін ескертті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *