Алматы облысында жастар үшін ІТ-стартаптардың технопаркін құру жоспарланған

106

Алматы облысы Талдықорған қаласында жастарға ІТ-стартаптардың технопаркін құру көзделіп отыр. Бұл туралы өткен сенбіде Жастарға қызмет көрсету орталығының интернет-кітапханасында облыс әкімі Амандық Баталовтың жастармен өткен кездесуінде айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, облыста креативті ойлайтын жастар өте көп, соның ішінде ІТ саласы мамандарына стартап-жобаларды жүзеге асыруға қолдау қажет. Тиісті компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілген, интернетке қолжетімділігі жақсы арнайы ғимараттың қажеттілігі туралы да сөз болды.

Бұл идеяға облыс әкімі Амандық Баталов қолдау білдірді. Ол өз кезегінде өткен жылдың тамыз айында Татарстанға жасаған жұмыс сапары барысында делегация Қазандағы ІТ паркте болғанын айтты. Ол жерде креативті жастардың өздеріне жақсы табыс әкелетін түрлі жобаларды жүзеге асырып, жұмыс істеп отырғанына куә болған.

— Бұл өте жақсы идея. Оны жүзеге асыру жастардың өз білімі мен машығын пайдалана отырып, табыс табуына мүмкіндік береді. ІТ технологиясы – қазіргі заманғы маңызды бағыттардың бірі, әсіресе оның бүгінгідей цифрландыру кезеңінде рөлі ерекше. Техникаға бейім жастарды жан-жақты қолдап, оларға бағыт беріп, көмектесуіміз керек, — дей келе А. Баталов қолайлы ғимарат қарастыру мәселесін пысықтауды тапсырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *